«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰСТАЗДАР СЕМИНАРДА ОЙ БӨЛІСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Успенка орта мектебінде қазақ, ағылшын тілдері және биология пәндері мұғалімдерінің аудандық семинары өтті. Онда аудан мұғалімдері аталмыш мектепте жұмыс істей бастаған “Lesson Study” бірлестігінің жұмысымен танысты.

Бүгінгі таңда түрлі дерек көздерінен таралатын ақпарат өте көп. Олардың арасында оқушы үшін пайдалысымен қатар, зияндысы да болуы ықтимал. Заманауи мектептер мұғалімдерінің алдында тұрған басты мақсат шәкірттерге ақпараттық хабарларды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін үйрету болып табылады. Ұстаздардың міндеті – баланы әрбір жаңа ақпаратқа сыни тұрғыдан қарауға үйрете отырып, оқушының қабілетін ашу және дамыту. Ұстаздар алдында тұрған осы талаптар мен міндеттерді жүзеге асыру жолдары аудандық семинар барысында талқыланды.

Успенка орта мектебінде жұмыс істей бастаған “Lesson Study” бірлестігінің мүшелері әріптестерімен өздерінің жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Аталмыш бірлестік құрамында үш деңгейлік курстарда білім алып келген мектебіміздің мұғалімдері: Т. Терехова, Г. Сапарова, Л. Подласова, А. Баймұратов және олармен бірге 5-ші сыныпта зерттеу жүргізіп келе жатқан ұстаздарымыз: А. Голенков, С. Демиденко және И. Голенкова бар.  

Ұстаздар шеберлік-сыныптар мен ашық сабақтар өткізіп, әріптестерін жаңа оқыту технологияларымен таныстырды. Ол технологиялар оқушыны ойлауға, бір шешімге келуге, диалогтік оқытуға, сыни тұрғыдан ойлауға, өзін-өзі бағалауға, топпен жұмыс істеуге бағытталды.

Семинар соңында аудандық Білім бөлімінен келген мамандар және басқа мектептерден келген әріптестеріміз ұстаздарымыздың еңбектерін қорытындылап, басқа да мектептерде осындай бірлестіктер ашу туралы тілектер айтты.

Гүлзира САПАРОВА,

Успенка орта мектебі директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

М.Жұмабаев ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp