«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“БИЗНЕС-КЕҢЕСШІ” БАСТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлмира ЗЕЙНУЛЛИНА,

“Даму” қоры АҚ облыстық филиалының менеджері.

Наурыз айының соңғы күні Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өз ісіне жаңа кіріскен кәсіпкерлер үшін “Бизнес-кеңесші” бағдарламасы басталды. Оның бірінші өткізілген “Кәсіпкерлік экспресс-курсының” жиналғандарға өте қызықты, танымды және шығармашылық сипатта болғанын атап өткен жөн. Жеке істерін жаңа бастаған кәсіпкерлермен экспресс-курсын өткізуге өздері де бизнесті табысты жүргізіп отырған “Business Macters” ЖШС-нің кәсіпқой жаттықтырушылары да шақырылды.

Семинарға қатысушылар бизнес-жаттықтырушы Ирина Васильеваның басшылығымен Солтүстік Қазақстан облысының нарықтық мүмкіндіктерін саралай отырып, Петропавл қаласында тұтынушыларға тағам жеткізу, Интернет-дүкен ашу, жүк және жолаушылар тасымалы, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер өндіруді дамыту сияқты сұранысты қызметтер қажеттірек бола алады деп шешті. Семинар тыңдаушыларының тарапынан айтылған инновациялық ой-ұсыныстары, әсіресе, мата, шыны және ағаш материалдарын дизайнерлік өңдеудің жаңа технологияларына, Интернет-қызметтерді дамыту төңірегіндегі жаңашылдық істерге арналды.

Бибігүл Қоқышева – семинарға Мағжан Жұмабаев ауданынан келіп қатысқан кәсіпкер. Оның бизнес жүргізуде мол тәжірибесі бар, кәсіпкерліктің экспресс-курсын тыңдаған ол алдағы уақытта өз ісін жаңаша құруға шешті.

– “Бизнес-кеңесші” тегін курстары туралы “Даму” қоры ұйымдастырған семинарлардың бірінде естіген болатынмын. Курс өте қызықты және танымды болды, әсіресе, бизнес-ойын түріндегі жаттығулар ұнады. Әзірге өз бизнесін ашып үлгермегендерге курста тыңдалған ақпараттың тигізер пайдасы зор деп ойлаймын, – дейді Бибігүл.

Сол сияқты, “Business Masters” ЖШС-і консалтингтік компаниясының директоры Ирина Васильева да семинарға қатысушылардың екі күндік оқуда кәсіпкерлік қызметін жүргізуге байланысты түрлі мәселелер бойынша мол білім алатынын айтады. Онда олар бизнес-ойларын қалай құрып, таңдаудан бастап, бақылаушы органдардың тексерісі кезінде өздерін қалай ұстау керектегіне дейін үйренеді. Курс тренингінде қаржылық жоспарлауды қалай ұйымдастыру, маркетинг жүргізу және ілгерілеу бағдарламасын жасау мәселелері қаралады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp