«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛАҢДАУҒА НЕГІЗ ЖОҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тұрғындардың зейнетақы активтерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өткізу басталғалы, салымшылар арасында түрлі әңгімелер көбейді. Осыған орай “Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры Рамазан Мұқановты әңгімеге тартқан едік.

– Рамазан Жарлағасұлы, жаңадан құрылған Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоттары жүйесі сақтала ма?

– Әрине. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында әр салымшы үшін зейнетақы жинақтарын жеке есепке алу сақталады.

– Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру нәтижесінде азаматтардың зейнетақы жинақтары мемлекет меншігіне ауысып кетпей ме?  

– Жоқ, ауыспайды. Зейнетақы жинақтары салымшылардың меншігі болып табылады және жеке зейнетақы шоттарына есепке алынады.

– Салымшының зейнетақы жинақтары БЖЗҚ-ға ауысқан соң қаржының жоғалуы орын алуы мүмкін бе? Оны қалай тексеруге болады?

– Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қабылдау-өткізу іс-шараларының аясында әр салымшының (алушының) зейнетақы жинағы бұрынғы жинақтаушы зейнетақы қорынан оларды өткізген күнге қалыптасқан мөлшерде беріледі. Басқаша айтқанда, салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын жинақтаушы зейнетақы қорынан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру кезінде азаматтардың қаржысы жоғалмайды және өкілетті орган бекіткен кестеде белгіленген өткізу күнінде аударылған инвестициялық кіріс (шығын) есепке алына отырып, толық көлемде аударылады.

Салымшылар өз зейнетақы жинағының жағдайы туралы ақпаратты қордың жақын орналасқан кеңсесіне келіп біле алады. Сол жерде ЖЗШ жай-күйі жөнінде ақпарат алу тәсілін өзгерту туралы келісімге отырып, қаражатын бақылау тәсілінің бұрынғыдан да тиімді түрі – Интернеттегі сайт арқылы зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсіліне жазылуға болады.

Сұхбаттасқан

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp