«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОНКҮНДІК АЯСЫНДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ставрополь орта мектебінде “Өзін-өзі тану: шығармашылық және сүйіспеншілік педагогикасы” тақырыбында онкүндік өткізілді.

1-4-сыныптар оқушылары арасында өткізілген сурет сайысында оқушылардың шығармашылық қабілеттері байқалды. Онкүндік аясында ашық сабақтар өткізілді. Мектеп кітапханашысы “Алтын жүрек анамыз” тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.

“Мейірім төгетін ана” деп аталатын мәнерлеп оқу сайысында оқушылар қазақ және орыс тілдерінде өз өнерлерін көрсетті. Бастауыш сыныпта өткен “Мейірімділік – адамдардың жанын жылытатын күннің көзі” сабағында оқушылар мақал-мәтелдер сайысына, “Ән шырқайық, достар!” сайысы мен “Сөз құрастыр” және т.б. ойындарға белсене қатысты. 9-11-сыныптар арасында ұйымдастырылған “Жалпы адамгершілік қасиеттерінің құндылығы, қайырымдылығы” тақырыбындағы “дөңгелек үстелде” оқушылар бір-біріне деген сыйластық, сүйіспеншілік туралы өз ойларын ортаға салды.

Гүлмира ЖӘКІШЕВА,

Айша ҚҰДАРБЕКОВА,

Ставрополь орта мектебінің мұғалімдері.

Ғ.Мүсірепов атындағы аудан.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp