«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛИМЕНТ – ҚАРЫЗ ЕМЕС, ПАРЫЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

ІІД Көші-қон полициясы басқармасының қызметкерлері борышкерлер мен қашқын әкелердің ізіне шам алып түсіп, жыл басынан бері осындай 300-ден астам солтүстікқазақстандықты анықтады.

Борышкерлердің 44-і – алимент төлеуден ат-тонын ала қашқан безбүйрек ата-аналар. Солардың бірі Шал ақын ауданынан табылды. 53 жастағы аудан тұрғынының 5 жасар қызына берешегі 548 мың теңгеге жеткен.

Көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары Бауыржан Сәдуақасовтың мәлімдеуінше, тәртіп сақшылары борышкерлердің мекенжайын анықтаған соң, одан әрі шара қолдану мақсатында ақпарат сот орындаушыларына беріледі. Ал борышкерлердің денін әкімшілік айыппұлдарын төлеуге асықпайтын құқық бұзушылар, банктерден несие алып, қарызға белшеден батқандар мен өз балаларын нәпақадан айырған ата-аналар құрайды.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp