«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АСЛАН СӘРІНЖІПОВТІ және…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповті қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев биыл білім және ғылым саласын дамытуға 1,5 триллион теңге бөлінгенін атап өтті. Алайда, мектепте орын жетіспеушілігі, үш ауысымда оқыту сақталып отыр, апатты жағдайдағы мектептер әлі де бар. Осыған байланысты құрылысқа, соның ішінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында салынатын нысандарға бөлінетін қаражаттың тиімді пайдаланылуын қадағалау қажет.

Қазақстан Президенті университеттердің автономды болу қағидаттарын айқын түсіну қажеттігін де атап өтті.Нұрсұлтан Назарбаев білім дамудың, соның ішінде инновациялық дамудың басты мәселесіне айналып отырғанына тоқталды.Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы ғылым саласына, әсіресе, көбіне шешімдерінде шынайылық бола бермейтін ғылыми кеңестер жұмысын жетілдіруге ерекше назар аударуды тапсырды.

Бұған қоса, Мемлекет басшысы мектепке дейінгі білім берумен қамту, сондай-ақ, университеттердегі білім беру сапасын арттыру және мемлекеттік білім гранттарын тиімді бөлу жұмыстарын жалғастыру туралы тапсырма берді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp