«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДЕР КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛҒАН ШАРАЛАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақмола облысының Сілеті су қоймасынан су ағызуға байланысты Уәлиханов ауданына қарасты Қаратал және Қулыкөл елді мекендеріне су басу қаупі төнген болатын. Солтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар жөнідегі департаменттің баспасөз қызметі хабарлағанындай, қолданылған шұғыл шаралардың нәтижесінде апаттың алды алынды.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі және оның облыстық департаменті, жергілікті билік органдары 1 сәуірден бастап тұрғындарды тасқын судан қорғау мақсатында шұғыл шаралар ұйымдастырды. Соның нәтижесінде Қаратал ауылының тұрғындары дер кезінде Қулыкөл ауылына көшірілді. Ал көп ұзамай су деңгейінің көтерілуінен қос ауылды қосатын автокөлік жолын екі жерден су шайып кетті.

4 сәуір күні автожолдардың жол төсемдерін және ауылдар арасындағы үзілген байланысты қалпына келтіру үшін инертті материалдарды төсеу жұмыстары басталды. Осылайша, бір тәулік ішінде су шайған ұзындығы – 130 метр, ені 6 метр жолдың бір бөлігінің төсемі 0,3-0,6 метрге көтеріліп, қалпына келтірілді. Ал бөгеттер жасау және екінші учаскедегі 250 метр жолды қалпына келтіру жұмыстары жалғастырылуда. Оқиға орнында болып осы жұмыстардың жайымен танысқан облыс әкімі Самат Ескендіров табиғаттың кез келген тосын мінезіне дайын болу қажеттілігін баса айтты.

5 сәуір күні су басу қаупінің сейілуіне байланысты Қаратал ауылының тұрғындарын кейін көшіру туралы шешім қабылданды. Келесі күні қараталдықтар Суда құтқару қызметінің және Орталық аймақтық аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының көмегімен 3 қайық арқылы көшірілді. Қулыкөл ауылының шеткері көшелерінің тұрғындары да өз үйлеріне қайта қоныстанды.

Тасқын басталған уақыттан бері еріген қар суларының тұрғын үйлерді басуының 86 оқиғасы тіркелді. Олардың 34-і төтенше жағдайлар органдарының күшімен еңсерілсе, ал 52-сіне облыстың жергілікті атқарушы органдары және коммуналдық қызмет құрылымдары жұмылдырылды.

  “Қызылжар-Ақпарат”. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp