«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРЛІКТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда шағын футболдан лаңкестің жолын кесіп, ерлікпен қаза тапқан Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған ашық турнир өтті. Екі күндік жарыста облыстық құқық қорғау органдары мен күш құрылымдарынан жасақталған 8 команда мықтыны анықтады.

Спорттық шараның салтанатты ашылу рәсімін облыстық ІІД бастығы Ақан Қажкенов ашты.

– Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған ашық турнирді біз осымен 2-ші жыл өткізіп отырмыз. Және бұл жарысты дәстүрге айналдырмақпыз. Осы арқылы кейінгі жас толқынның да спортқа және өмірге деген қызығушылығын арттырамыз деген ойдамын, – дей келе қатысушыларға өткен жылы жол полициясының мұражайында Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алу мүйісі ашылғанын еске салды. Ол сөз соңында 2011 жылдың қарашасында Тараз қаласында қауіпті қылмыскерді ұстау барысында лаңкестің қолындағы гранатаны тұрғындарға қарай лақтыруға жол бермей, өз денесімен жауып, қаза тапқан 40 жастағы полиция капитаны Ғазиз Байтасовтай есіл ердің есімі Қазақстан полициясының тарихында мәңгілікке сақталатындығына сенім білдірді.

Жарыс қорытындысы бойынша облыстық ІІД құрама командасы жеңімпаз атанды. Облыстық Ұлттық қауіпсіздік басқармасы екінші орыннан көрінсе, ІІМ Ішкі әскерлерінің Әскери институты үздік үштікті қорытындылады.

Юрий КЛЫКОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp