«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ЖАЙЫНДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Еркін пікір” жастар дискуссиялық клубының отырысы өтті. Кездесуде солтүстікқазақстандық жастарды жұмысқа орналастыру және аталмыш мәселенің шешімін табу жолдары қарастырылды.

Шара барысында сөз алған “Жас Отан” ЖҚ СҚОФ-ның атқарушы хатшысы Мұса Танақұлов:

– Әрбір қазақстандық жастың өмірінің маңызды бөлігін жұмыспен қамтылу мәселесі құрайды. Бұл жолда басты қолбайлау болатын бір-ақ мәселе бар. Ол – жастарда жұмыс өтілінің жоқтығы. Кеше ғана қолына дипломын алған жаста жұмыс өтілі болмайтыны түсінікті. Осы орайда орта және жоғары оқу орнында білім алған кезде әрбір студент жыл сайын өтетін еңбек, оқу және кәсіби тәжірибесін еңбек өтіліне теңестіретін болсақ, өзекті мәселені шешудің жолы ретінде қарастыруға болар еді. Бұл – өз кезегінде оқу бітірген түлекте бір жылға жақын еңбек өтілі болады деген сөз, – деді .

Шараға қатысушылар аталмыш мәселенің шешімін табу жолында жастар мен қоғамдық бірлестіктер арасында тығыз қарым-қатынас орнату қажет деген ортақ ойға келді. Мәселен, әрбір жас арнайы парақ жүргізіп, оған өз бастамашылдығымен өткізілген қоғамдық жұмыс пен іс-шараларын жазып отыруы қажет. Сөйтіп, қолға алынған әр шара 3 жұмыс күніне пара-пар болмақ.  

Ал шараға қатысушылардың бірі – СҚУ колледжінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Азамат Баймағамбетов студенттердің оқудан бос уақытта мекеме-ұйымдарда мамандықтары бойынша тағылымдамадан өту идеясын ұсынды. Оның айтуынша, тағылымдаманың мерзімін еңбек өтіліне қосуға болар еді.

“Еркін пікір” жастар дискуссиялық клубының мүшелері өз идеялары мен ойларын алдағы уақытта облыстық мәслихаттың жанындағы жастар саясаты жөніндегі сараптау комиссиясының қарауына жібермек.

“Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp