«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕЛІСІЛГЕН ӘРЕКЕТТЕРІ РАСТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап домофондарға қызмет көрсету тарифі 200 теңгеден 250 теңгеге көтерілген болатын. Осыған орай облыс бойынша монополияға қарсы күрес инспекциясы өткізу бағаларын не басқа жағдайларын белгілеуде және ұстап тұруда көрініс тапқан келісілген іс-әрекеттері үшін 6 домофондық компанияға қатысты басталған тергеуді аяқтады. “Алекс NORD” ЖШС және ЖК “Vip Домофон” ұсынған материалдарды сараптау домофондарға қызмет көрсету тарифін 250 теңгеге дейін көтеру негізді екенін көрсетті. Осыған байланысты бұл субъектілерге қатысты тергеу тоқтатылды.

Ал басқаларының келісілген әрекет жасағандары расталды. Субъектілерге домофондарға қызмет көрсету тарифінің көлемін жаңадан белгілеу және өткен кезеңге қайта есептеуді жүзеге асыру туралы ұйғарым жолданды.

Барлық материалдар сотқа тапсырылды.

Облыстық монополияға қарсы инспекция.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp