«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮЙЗЕЛІСТЕН ҚҰТЫЛУ ЖОЛДАРЫ КӨРСЕТІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Ішкі істер департаментінде жас полицейлердің қатысуымен семинар-тренинг өтті.

Семинар-тренингке Ішкі істер департаментінің кадр жұмысы басқармасының, Петропавл қалалық ішкі істер басқармасы, жол-патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі басқармасының психолог инспекторлары қатысты. Қатысушыларға ұжымға тез сіңісіп кетуді және өзін-өзі ұстауды үйрететін теориялық материалдар мен жаттығулар ұсынылды.

Жұмысында ерекше көзге түскен тергеушілер, жедел уәкілдер мен жол-патрульдік полиция қызметкерлері өздерінің жұмысқа алғаш келген күннен кездескен қиыншылықтарды қалай жеңгендері және ұжымға бейімделу кезеңіндегі көңіл-күйлерімен бөлісті. Кейін жас қызметкерлер арасында жиі кездесетін қорқыныш, күйзеліс және жанжалдардан құтылу жолдары көрсетілген бейнероликтер назарға ұсынылды.  

 Жиын сонында қонаққа келген Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлері тәртіп сақшыларының психолог инспекторларының жүргізген семинарынан алған әсерлерімен бөлісіп, өздерінің де күйзелістен қалайша құтылатындықтарын әңгімеледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp