«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЛҒАТ ПЕН ДАНИЯР аудан намысын қорғайды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда ауданда “Қазақстан барысы” турнирінің іріктеу жарысы өтті. Оған 75 кг.-нан жоғары салмақтағы 14 спортшы қатысты. Белдесулер өте тартысты өтті. Ақтық сайыста возвышендік Талғат Әшімов пен Авангард ауылдық округіндегі Хлеборобное ауылының тумасы Данияр Утегенов кездесті. Талғат таза жеңіске жетті. Енді осы екі балуан облыстық жарыста аудан намысын қорғайтын болады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер “Нұр Отан” партиясының аудандық филиалы тағайындаған жүлделермен марапатталды. Ал “Жеңіске талпынғаны үшін” жүлдесі Ринат Ескендіровке бұйырса, «Ең жас балуан» сыйлығы Еламан Шежринге табыс етілді.

Еркебұлан ЕЛУБАЕВ,

журналист.

Суретті түсірген автор.

Мағжан Жұмабаев ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp