«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕРГЕУШІЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНГЕН КҮН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Салтанатты шара шымылдығын ашқан облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы Ахан Қажкенов солтүстікқазақстандық тергеушілерді кәсіби мерекелерімен құттықтай отыра, жас қызметкерлерге қолдау көрсетуден жалықпаған ардагерлердің еселі еңбегін де атап өтті. Ведомство басшысы қылмыстық-процессуальды заңнамаға енгізілетін өзгерістерге, тергеу бөлімшесін материалдық-техникалық жабдықтау, әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету мәселелеріне де тоқталды.

Ішкі істер министрлігінің және облыстық департаменттің мереке қарсаңындағы бұйрықтарына сәйкес тергеу органдарының 100-ден астам қызметкері марапатқа ие болмақ. Олардың бірқатарына шара барысында құрмет көрсетілді. СҚО ІІД бастығының орынбасары Хайыр Байқадамов – “Ішкі істер органдарының қызметкері” төсбелгісімен, ал ІІД тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Күлбарам Бакенова ІІМ-нің Құрмет грамотасымен ынталандырылды. Аудандық бөлімшелер қызметкерлерінің еңбегі де елеусіз қалмады. Айыртау аудандық ІІБ бастығының орынбасары Сейілбек Қуанышбаев – “Ішкі істер органдарының үздігі” төсбелгісімен, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның ІІБ-нің аға тергеушісі Нұрлан Күшеғалин ІІМ-нің Құрмет грамотасымен марапатталды. Ал Қызылжар аудандық ІІБ бастығының орынбасары Дмитрий Лира ІІД бастығының қолынан полиция подполковнигінің иық белгісін алды.

ІІД тергеу басқармасының бастығы Ербол Бектұров өңір тергеушілерінің атынан саладағы қордаланған мәселелерге көңіл бөліп, қызметкерлерге арналған әлеуметтік кепілдік мәселесін оңтайлы шешкендері үшін министрлік пен департамент басшылықтарына алғысын білдірді. Ал тергеу ісінің ардагері, адвокат Хайдар Кашенов жас қызметкерлердің еңбектеріне табыс тіледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp