Облыс орталығында жоғары спорт шеберлігі мектептері тәрбиеленушілерінің арасында грек-рим күресінен ел біріншілігі өтті. Оған еліміздің барлық облыстарынан 14 құрама команда қатысып, бақ сынады. Байрақты сайыста 30 балуан өңір намысын қорғады.
Екі күн бойы спортшылар сегіз салмақ дәрежесінде жеңімпаз атағына таласты. Жарыстың алғашқы күні төрт салмақ дәрежесі бойынша өтті. Сайыстың қорытындысына келсек, шаршы алаңда қарсыластарынан басым түскен Дәулет Әбсалімов (59 кг., Жамбыл обл.), Данияр Қаленов (66 кг., СҚО), Нұртас Өтепбергенов (71 кг., Ақтөбе обл.), Рашид Качиев (75 кг., ОҚО), Ақтілек Шағал (80 кг., Қызылорда обл.), Андрей Самохин (85 кг., Қарағанды обл.), Михаил Изотов (98 кг., Павлодар обл.) және Еркін Шәйкенов (130 кг., Павлодар обл.) жеңістің биік тұғырына көтерілді.
Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.