Өткен жексенбі күні футболдан бірінші лига клубтары арасындағы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы маусымдық ойындары басталды. Біріншіліктің алғашқы күні солтүстікқазақстандық “Қызылжар СК” футбол клубы алматылық “ЦСКА” футболшыларымен кездесті.
Тартысты басталған кездесудің бесінші минутында жерлес құраманың жартылай қорғаушысы Станислав Шуляк есеп ашты. Ал командамыздың үздік ойыншыларының бірі – Давити Чагелишвили 15-минутта қарсыластың қақпасын дәл көздеп, есепті еселей түсті. Қарымта шабуылға көшкен алматылықтар қарап қалмады. “ЦСКА” командасына “Ақ Бұлақ” командасынан ауысқан Талғат Қанышев 36 минутта алматылықтарға алғашқы гол сыйлады. Дегенмен, қарсыластың қақпасын торуылдап жүрген Станислав Шуляк бірінші таймның соңына 5 минут қалғанда есепті 3:1-ге жеткізді. Бес минуттан соң Евгений Голяткин тағы бір гол салды. Кездесу 3:2 есебімен аяқталды.
Үстіміздегі жылғы маусымдық ойындарға 15 команда қатысуда. Өзге командалардың алғашқы кездесулерінің нәтижелері төмендегідей: “Лашын” (Қаратау) – “Екібастұз” (Екібастұз) 0:2, “Бәйтерек” (Астана) – “Гефест” (Қарағанды) 0:1, “Каспий” (Ақтау) – “Оқжетпес” (Көкшетау) 3:0, “Мақтаарал” (ОҚО) – “Восток” (Өскемен) 0:0, “Қыран” (Шымкент) – “Астана-1964” (Астана) 3:1, “Ақжайық” (Орал) – “Жетісу-Сұңқар” (Талдықорған) 1:1.
Келесі ойын сәуірдің 19-ы күні облыс орталығындағы “Қарасай” стадионында өтеді. Онда “Қызылжар СК” командасы Талдықорған қаласының “Жетісу-Сұңқар” командасымен кездеседі.
“Қызылжар СК” футбол клубының баспасөз қызметі.