2014 жылғы ақпанда бір жұмыскердің орташа айлық атаулы еңбекақысы 71 605 теңгені құрап, 2013 жылғы ақпан айымен салыстырғанда 5,4%-ға ұлғайды, нақты көріністе 0,9%-ға азайды.
Еңбекақының ең үлкен мөлшері көлік және қойма кәсіпорындарында (115 175 теңге), қаржы және сақтандыру қызметі кәсіпорындарында (109 476 теңге) белгіленіп, орташа облыстық көрсеткіштен 1,6 және 1,5 есе жоғары болды.
Білім (59 420 теңге) және өнер, ойын-сауық пен демалыс (47 913 теңге) жұмыскерлерінің орташа айлық жалақысы орташа облыстық көрсеткіштен сәйкесінше 17% және 33,1% төмен болды.
Облыстық Статистика департаменті.