«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АҚЫЛДЫ БЕСІК”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгінгі таңда киелі қазақ бесігінің қолданыстан шығып бара жатқандығы жайында айтып та, жазып та жүрміз. Мұның себебі әртүрлі. Біреулер баланы бесікке бөлеген зиян дегенді алға тартса, екіншілері бір реттік жаялық (памперс) жақсы әрі ыңғайлы деп ойлайды.

Қалай болғанда да, екі нәрсе де сәби үшін жасалған. Сондықтан да олардың қайсысын болсын жоққа шығаруға болмайды. Осылай бесік пен памперстің “жырын” жырлап жүргенде олардың қатарына жақында тағы бір жаңа зат қосылды. Ол өзіміздің бесігіміз, тек заман ағымына қарай түрлендіріліп жасалған екен. Оның атауы – Смарт бесік. Өзі тербелетін құрылғыны астаналық өнертапқыш Серікбол Шәймардан ойлап тапқан. Бір қызығы, бесік баланың дауысына қарай қозғалып қана қоймай, дене қызуы мен жаялық дымқылдығын да өлшеп тұрады екен. Тіпті, теледидар сияқты пультпен алыстан да басқаруға болады. Мұндай жаңашылдықты естігенде кімнің болса да таң-тамаша болары сөзсіз. Әсіресе, кішкентай сәбиі бар аналар қатты қуанатын шығар ..

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp