«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ жайлы пікірлер бір арнада тоғысты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Нұр Отан” партиясының облыстық филиалының белсенділері мен этнобірлестіктердің өкілдері бас қосқан “дөңгелек үстелде” патриотизм және этносаралық келісім мәселесі әңгіме өзегіне айналды.

Партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Артур Молдағұлов Астана қаласында өткелі отырған сессияда қоғамды толғандырған мәселелер бойынша тиісті шешімдердің қабылданатынына сенім білдіріп: “Облыстық ассамблея мүшелері мен нұротандықтар қоғам мүддесін қорғауда бірлесіп еңбек етуіміз керек”, – деді.

“Дөңгелек үстелде” “Радзіма” белорус мәдени орталығының төрайымы Раиса Солопова мен “Urpag” қазақ мәдени-ағарту орталығының өкілі Ділбар Бегалинаның жаңа қазақстандық патриотизмге қатысты пікірлері бір жерден шықты. Отанды сүю отбасынан басталатынын айтқан олар жас буынға тәлімді тәрбие беру ісіне баса көңіл бөлу қажеттігін тілге тиек етті. Ал жастардың арқасында соны серпінге ие болатын жаңа қазақстандық патриотизм көпұлтты еліміздің басты тірегі болмақ.

Жиында жастар ұйымының өкілдері де сөз алып, ел бірлігін нығайта отырып, мемлекетіміздің мерейін арттыру ісіне белсене атсалысатындарын жеткізді.

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp