Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бөлім басшысы Андрей Сафроновтың есімі әріптестері арасында әр кез құрметпен аталады.
Жуырда департаментте өткізілген облыстың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы үздік мемлекеттік инспекторы байқауына төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасының жеке құрамы тегіс қатысты. Байқау барысында инспекторлардың бақылауалдын алу шараларын, заңдарды білу, бақылау саласындағы білім деңгейлері тексерілді. Бұл олардың кәсібилік пен құзыреттілік деңгейлерін тексерген нағыз емтихан болды.
Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Андрей Сафронов жеңіп алды. Департамент бастығының орынбасары Александр Швецов оған салтанатты түрде диплом тапсырып, еңбектегі жеңісті жолының жалғаса беруіне тілектестік білдірді.
Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.