1981 жылы туған ер адамға қатысты полицейлердің күдігі осындай. Мұны облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алдын ала деректер бойынша, Мағжан Жұмабаев ауданындағы Медвежка ауылында тұратын 35 жастағы әйелін азаптап өлтіргеннен кейін ер адам өзін пышақпен жарақаттаған. Қазіргі уақытта ол полиция қызметкерлерінің күзетімен аудандық ауруханада ем алуда.
Бұл іс бойынша Қылмыстық кодекстің 96-бабымен (адам өлтіру) қылмыстық іс қозғалып, бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.
“Қызылжар-Ақпарат”.