Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында Қарасай және Ағынтай батырлардың құрметіне еркін күрестен ашық турнир өткізілді. Жарысқа Павлодар, Щучинск, Қостанай, Астана, Қарағанды, Көкшетау, Семей қалаларынан және Солтүстік Қазақстан облысының аудандарынан 230 спортшы қатысып, бақ сынасты.
Осы жарысқа Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық спорт мектебінің жаттықтырушысы Ақаналы Сейітбатталов №1, №2 Новоишим, Пески, Шұқыркөл, Сарыбұлақ орта мектептерінің оқушыларын апарған еді.
Жастарымыз намысты қолдан бермей, жүлделі орындарды иеленіп, ауданымыздың абыройын тағы бір асқақтатты. 24 килограмм салмақта №1 Новоишим орта мектебінің оқушысы И. Чульков және 52 килограмда №2 Новоишим орта мектебінің оқушысы К.Фирстова бірінші орын алса, №2 Новоишим орта мектебінің оқушысы Ю. Халухоев – екінші, Шұқыркөл орта мектебінің оқушысы Е. Серкен және №2 Новоишим орта мектебінің оқушысы Д. Нуриева үшінші орындарды иеленді.
Сағыныш ОРАЗБЕКОВА,
журналист.