«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС АЙТЫСКЕРЛЕРДІҢ ЖЫР ЖИНАҒЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңіріміздегі жас айтыс ақындарының “Жауқазын жырлар, балауса үндер” жинағы шыққалы аз уақытттың ішінде кітап оқырмандардың қолына тиіп, өрендердің сөзсайысымен танысқан адамдар мұның бір игілікті іс болғанын айтуда.

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қазақ әдебиеті бөлімі жинақтың тұсаукесерін өткізді.

Жинақты құрастырған айтыс ақыны Жарқын Жұпархан бастап, осы басқосуға жиналған Петропавлдағы Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің және классикалық гимназияның оқушылары ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Зейнолла Әкімжановпен, әнші, облыстық халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметінің орталығы қазақ шығармашылығын дамыту бөлімінің басшысы Таңат Бейсенбаевпен, қалалық “Қазақ тілі” қоғамының төрағасы,  әнші-термеші, айтыс меценаты Дәстен Баймұқановпен кездесті.

Әңгіме барысында олар жинақтың жарыққа шығуына тоқтала келе, өңірімізде айтыс өнерінің даму тарихы жайлы баяндады, бүгіндері өмірден озып кеткен айтыс ақындарын еске алды.

Жиналғандардың өтінуімен Т. Бейсенбаев Сәкен Сейфуллиннің “Біздің жақта” және Ілия Жақановтың “Еділ мен Жайық” әндерін, ал Д. Баймұқанов Мәдидің “Қаракесек” әнін орындап берді.

 (Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp