«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕМІСТІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елбасының биылғы “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Жолдауында айтылған мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – кәсіпкерлікті қорғау және қолдау. Мемлекеттің бизнес-қауымдастықпен сындарлы бірлескен іс-қимылы Президенттің алға қойған міндеттерін жүзеге асыруға, оның ішінде Қазақстанның әлемнің барынша дамыған 30 елінің қатарына кіруіне жағдай жасайды.

Бүгінгі күні жекеменшік институтын заңнамалық тұрғыдан бекіту және бизнес қызметінде құқықтық кедергілерді жою бойынша кешенді шешімдерден басқа кәсіпкерлердің құқығын қорғауға арналған ынтымақтастықтың жаңа әдістерін әзірлеудің өзектілігі артып отыр.

Облыстық Кәсіпкерлер палатасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі департаментпен (Қаржы полициясы) тығыз ынтымақтастық байланыс орнатқан. Қаржы полициясында көлеңкелі экономикадағы жемқорлыққа қарсы іс-әрекет мәселесі бойынша қоғамдық кеңес құрылып, жұмыс істеп келеді. Кеңес отырыстарында кәсіпкерлерге өз қызметтеріндегі өзекті және толғақты мәселелерге байланысты сауалдар қоюға мүмкіндік беріледі, оның үстіне бақылаушы органдар тарапынан бизнеске араласпау мәселесіне баса назар аударылады.

Бұдан басқа, облыстық Кәсіпкерлер палатасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі департаментпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, бұл құжат бірлескен шараларды жүзеге асыруды, бизнестің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді анықтауды, кәсіпкерлік субъектілердің қызметін заңсыз тексеруге жол бермеу шараларын қолдануды қарастырады. Осы меморандум аясында жұмыс тобының отырысы өтіп, онда салықтық әкімшілік жүргізуге байланысты сүт өңдеушінің мәселесі қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне хат әзірлеу туралы шешім қабылданды.  

Сол сияқты, аталмыш департаментпен бірге азаматтарды қабылдау, кәсіпкерлермен кездесу, жемқорлықпен күрес жөніндегі шараларды кеңінен ашу және үздіктер тәжірибесін насихаттау мақсатында журналистер арасында байқаулар өткізу, дебаттар, қоғамдық тыңдаулар ұйымдастыру жоспарлануда.

Кәсіпкерлер палатасы мен Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі департамент қызметкерлерінің бизнес өкілдерімен өзекті мәселелер бойынша, соның ішінде соңғыларының қызметіне араласу мүмкіндігі жайында кездесулер өткізуінің кестесі бекітілді.

Мемлекеттік органдардың шаруашылық субъектілері қызметіне негізсіз араласуы фактілерінің жолын кесуге арналған жұмыс белсенді жүргізілуде. Ондай мәселелер туралы шағын және орта бизнес субъектілері Кәсіпкерлер палатасына да, Қаржы полициясына да хабарлай алады.

Кәсіпкерлер палатасында салалар бойынша 7 сараптама кеңесі, сол сияқты, энергия мәселесі бойынша консультация орталығы жұмыс істейді. Соңғыны құрудың қажеттігі шағын және орта бизнесті бүгін ерекше толғандыратын проблемаларға мұқият сараптама жасағаннан кейін туындады. Соған орай Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің үшінші отырысында энергетика саласында тегін консультациялық көмек беру туралы шешім қабылданды. Өңірдің бизнес қауымдастығы қолдаудың мұндай тетігін пайдаланудың мүмкіндігін бағалап та үлгерді. Энергия мәселесі жөніндегі консультация орталығы өтініш білдірген кәсіпкерлердің барлық проблемаларының 90 пайызын шешті.

Экономикалық реформа барысында Қазақстанның экономикалық жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде кәсіпкерлікті дамыту бойынша республикада көп жұмыстар атқарылуда. Үкіметтің, басқару мен биліктің жергілікті органдарының күш салуы оң нәтижесін беруде: кәсіпкерлердің басқа шаруашылық және мемлекеттік субъектілермен, тұтынушылармен қатынасын реттейтін құқықтық база құрылды.

Мемлекеттік органдармен ынтымақтастық жемқорлықпен күресте және өңірде кәсіпкерлікті дамытуда күш-жігерімізді шоғырландыру жолында кезекті елеулі кезең болатындығына үміт артамыз.

Екпін ӘБИЕВ,

облыстық Кәсіпкерлер палатасы

  өңірлік кеңесінің мүшесі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp