«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ Бас прокуратураның назарында

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Прокуратура органдары мен кәсіпкерлер палатасы басшыларының қатысуымен бизнес өкілдерінің құқығын қорғауға арналған екінші бейнеконференция өтті. Оған біздің өңірімізден облыс прокуроры Степан Зайтлер мен облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Нелли Кукушкина қатысты.

Бас прокуратураның 1-ші департаменті бөлімінің прокуроры Қуанышбек Мұқаш мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылаудың (МАҚБ) аумақтық органдарын тексеру екі кезеңде жүргізілгенін, соның нәтижесінде 574 бизнес субъектісіне 91 млн. теңгеден астам айыппұл салынатынын айтты. Кәсіпкерлер аталмыш соманы төлеуге мәжбүр болған. Онсыз МАҚБ қызметкерлері нысандарды пайдалануға беруден бас тартқан. Қазіргі кезде кәсіпкерлердің төлеген айыппұлдарын қайтару жөнінде Бас прокуратура тарапынан жан-жақты шаралар қолданылып жатыр.

Бейнеконференцияда кәсіпкерлік субъектілерге тиесілі жер телімдерінің пайдаланылу мақсатын өзгерту, қаржы полициясының сұратуы негізінде салық органдары берген қорытындының заңдылығы, сонымен бірге, өңірлерде кәсіпкерлерге қатысты қатынастардың белгілі саласын құқықтық жағынан реттейтін тетіктердің қарастырылмағаны сияқты өзекті мәселелер сөз болды. Мәжілісте жасыл желекті қорғау ережелерінің жоқ екендігі де айтылды.  

Ұлттық кәсіпкерлік паласы Құқықтық қорғау департаментінің алдын ала жүргізген сараптамасы бойынша Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында аумақтарға құрылыс салу ережесі жоқ. Біздің өңір жасыл желекті ұстау және қорғау ережесі жоқ облыстардың қатарында да аталды. 2007 жылы 15 желтоқсандағы Петропавл қалалық мәслихатының №6 шешімімен бекітілген қолданыстағы ереже 2012 жылы 18 қыркүйекте өз күшін жойған. Қазіргі уақытта кәсіпкерлік субъектілері жергілікті атқарушы органның ретке келтіретін тиісті нормативтік-құқықтық актісінсіз және заң аясынсыз қалып отыр.

Бұған қоса жүргізілген сараптама бойынша біздің облыста құрылыс салудың аумақтық ережесі де жоқ.

“Заң аясының жоқтығы сыбайлас жемқорлықты дамытуға қолайлы жағдай жасайды және тұтастай алғанда кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіреді”, – деді ҰКП Кәсіпкерлікті қорғау департаментінің директоры О.Савеленко.

Сағынгүл СӘКЕНОВА,

облыстық

Кәсіпкерлік палатасының

баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp