Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі Қарағанды қаласында көркем гимнастикадан өткен ел кубогында солтүстікқазақстандық гимнасшылар сәтті өнер көрсеткенін хабарлады. Барлығы жеке көпсайыста, топтық жаттығуларда және ақтық сайыстарда біздің өңірден 20-дан астам спортшы қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша жеке көпсайыста өңір құрамасы – үшінші, топтық жаттығуларда – екінші, ал ақтық сайыстарда топтық жарыстарда абсолюттік жеңімпаз атанды.
Бүгінде гимнасшы қыздар мектеп оқушыларының спарткиадасына дайындықтарын бастады.
***
Қарағанды қаласында батуттан секіру және акробатты жолақтан ел кубогы өтті.
Жеке көпсайыста, топтық жаттығуларда және ақтық сайыстарда 90-нан астам спортшы бақ сынаған байрақты додада Петропавлдағы акробатика мектебінің тәрбиеленушісі Алена Щелкунова үздіктердің қатарында көрініп, ел кубогының иегері атанды.
“Қызылжар-Ақпарат”.