«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫҢ ҚАДІРІН БІЛЕЙІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Жолдауында көпшілікті толғандырып жүрген көптеген мәселелерге қозғау салды. Биылғы Жолдауды бірнеше бағытқа бөлінген кешенді жоспарлардың жиынтығы десек те болады. Бұл стратегиялық құжатта егемен еліміздің болашақ бағыт-бағдары айқындалып қана қоймай, 2050 жылға дейінгі даму жоспары және оны жүзеге асыру жолдары белгіленді.

Жылдың басты құжатында әдеттегідей экономикаға баса назар аударылды. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының жұмыс барысын елімізге енгізіп, жалпы ішкі өнімнің көрсеткішін жыл сайын 4 пайызға арттыру міндеті қойылды. Экспорттағы шикізат емес өнімдер үлесін 70 пайызға дейін жеткізуге мүмкіндік беретін ғылымға негізделген экономикалық модель енгізіледі. Жалпы, Елбасының ғылымға негізделген экономикаға қол жеткізуді басты мақсаттардың бірі ретінде атауы өте орынды.

Сондай-ақ, биылғы Жолдаудың өн бойнан шикізат әзірлейтін ғана ел болып қалмай, өндірістер ашып, өз өнімдерімізді тұтынуға шығармай, толыққанды бәсекеге қабілетті ел бола алмайтындығымызды айқын аңғарамыз.  

Азаматтарымыздың орташа өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін ұлғайту көзделіп отыр. Бұған денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілігі мен заманауи технологияның күшімен қол жеткізілмек.

“Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ұмтылыс кезінде бізге адал бәсекелестік, әділеттілік, заңның үстемдігі және жоғары құқықтық мәдениет ахуалы қажет. Мемлекеттің үкіметтік емес секторымен және бизнеспен өзара іс-қимылының жаңартылған тәсілдері қажет. Заң алдындағы теңдік құқық тәртібінің шынайы негізі болуға тиіс.

Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс. Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет. Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс. Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру”, – деп көрсетілген Жолдауда.

Қазақстандық қоғамның маңызды құндылықтарын біріктіретін “Мәңгілік Ел” патриоттық актісі атты жаңа құжат жасалып, қабылданатын болды. Жасқа да, кәріге де ортақ, адамның тәжірибесі мен жекелеген қасиеттеріне қарамастан, жан-жүрегін үнемі тербеп тұратын бір сезім бар, ол – Отанды қалтқысыз сүю. Мұнда үлкенге – құрмет, кішіге – ізеттің, салт-дәстүрге, тілге, дінге деген құрметтің де орны ерекше.

Егемендіктің 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Бұл құндылықтар – Президенттің сөзімен айтқанда, “уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі”. Осы құндылықтарымыздың қадірін білейік.

Асхар ПАРМАНОВ,

Айыртау ауданының №2

аудандық сотының судьясы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp