Ақмола облысында биатлоннан Елена Хрусталеваның жүлдесі жолындағы сайыс өз мәресіне жетті.
Жарыс қорытындысы бойынша 2003 жылы туғандар арасында өткен спринтте Арина Чишенко жеңіске жетті. Ал 2001-2002 жылдары туғандар арасындағы спринтте Диляра Дәулеткереева мәре сызығын екінші болып қиды.
Сонымен қатар, барлық биатлоншылар қатысқан жалпы сайыста Диляра Дәулеткереева (2001-2002 ж.т.) – бірінші, ал Арина Чишенко (2003 ж.т.) екінші болды. Сөйтіп, қос спортшы 2 алтын, 2 күміс медальмен оралды.
Облыстық Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі.