«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕЛСЕНДІЛІК ЖАҒДАЙЫНДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қар еріп, жер кеуіп, ағаштар бүршік жарып, жаңарған тіршіліктің нышаны сезіле бастаған кезде, барша жұрттың қоршаған ортаны күл-қоқыстан тазартуы – дәстүрлі шара. Биыл да мамыр мерекелері қарсаңында бірнеше сенбілік өткізіліп, адамның табиғатқа деген жанашырлық көңілі жандана түспек.

Өткен демалыс күндері облыс орталығында “Таза мекен” экологиялық акциясы ұйымдастырылып, онда “Жас Отан” жастар қанатының мүшелері мен “Жасыл ел” еңбек отряды өкілдерінің белсенділігі танылды. Қайырымдылық шара барысында Жеңіс саябағы тазартылып, Есіл өзенінің жағалауындағы қоқыстар шығарылды. Жалпы шараға 200-ге жуық жас өрен жұмылдырылды. Жеңіс мерекесі қарсаңында саябақты қалыпқа келтіруді барша ұрпақтың ардагерлер алдындағы парызы деп білген жастар еңбек сенбілігіне белсене қатысты. Экологиялық акция аясында саябақтан 4 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Сондай-ақ, мектеп оқушыларының да қала мен дала тазалығына үлкен қолғабысы тиді. Мұндай шаралар әлі де жалғаса береді.

* * *

Уәлиханов ауданында қайырымдылық сенбілігіне 3,6 мыңнан астам адам қатысты.

Бұл күні аудан орталығы – Кішкенекөл ауылы мен елді мекендердегі саябақтар мен көшелер қоқыстан тазартылды. Аудандық, ауылдық және аумақтық атқарушы органдардың қызметшілері және жеке кәсіпорындардың еңбеккерлері 13 ескерткіштің аумағын, 132600 шаршы метр аумақты тазартып, 575 тоннадан астам қоқыс шығарды. Шарада оқушылардың да белсенділік танытқанын атап өткен жөн.

Бұл сенбіліктен аудандық ардагерлер кеңесінің есепшотына 2 миллион 500 мың теңге қаржы аударылды. Ол соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін қолдауға және көмек көрсетуге жұмсалады.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp