«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ДАНА” КЕҢЕСШІ-РОБОТЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Хрусталь Гарнитура” халықаралық байқауына қатысқан Beeline Қазақстан компаниясы “Технологияның үздік қолданылуы” атауы бойынша қазылар тарапынан жоғары баға алды. Қазақстандық компания осындай марапатқа байқау тарихында бірінші рет ие болып отыр.

Компания бұл байқауға өзінің виртуалды қызметкері, клиенттерді қолдау орталығының кеңесшісі “Дананы” ұсынды. Жақында “Дана” өзінің бірінші туған күнін “атап өтті” – оның beeline.kz сайтында клиенттерге көмектесіп жүргеніне бір жыл толды. “Хрусталь Гарнитура” халықаралық байқауында жеңіске жетуі осы туған күнге тамаша сыйлық болды.

Beeline Қазақстан компаниясының коммерциялық директоры Александр Комаров: “Дана” жұмыс істеген уақытында 708855 өтінішті өңдеп, соның 70 пайызына кәдімгі маман сияқты жауап берді: көп уақытта клиенттер, өздерінің роботпен сөйлесіп отырғанын аңдамай қалады, “Дананың” сөйлеу мәнері өте сауатты және адам сияқты құрылған”, – деп атап өтті.  

Жыл сайын байқауға Ресейдің, Украинаның, Қазақстанның, Қырғызстанның, Беларусияның және басқа елдердің 100-ден астан байланыс орталықтарынан 200-ің үстінде үміткер қатысады. Соңғы жылдарда “Хрусталь Гарнитура” байланыс орталықтары саласындағы ең маңызды және танымал кәсіби байқау ретінде танылып келеді.

“Кәсіпқойларының қауымдастығы” құрған “Хрусталь Гарнитура” марапаты мен “Жыл операторы” кәсіби байқауының тарихы тамаша және ол 2005 жылдан бері байланыс орталықтары саласындағы ең үздік деп танылған үміткерлерге табыс етіліп келеді. 2014 жылы марапат өзінің мерейтойын атап өтеді және 10-шы рет байланыс орталықтарының ең үздігіне табыс етіледі. Марапаттауға Ұлттық ассоциация мен Байланыс орталықтары менеджерлерінің гильдиясы қолдау көрсетуде.

(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp