Ауа райының жылынуына байланысты су айдындарындағы мұз жұмсарып, жылымдар пайда болады.
Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің Суда құтқару қызметі мұз үстіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу үшін Есіл өзенінде 20-шы шағынауданның аумағынан бастап, “Учитель” саяжайшылар қоғамына дейін тыйым салатын белгілер орнатуда.
Осыған орай Суда құтқару қызметі облыс тұрғындарына абай болу қажеттігін ескертеді.
Суда құтқару қызметі.