«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КІНӘЛІЛЕР ЖАЗАЛАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Тәртіптік кеңестің кезекті отырысында сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын құқық бұзушылыққа барған және Ар-намыс кодексін бұзған мемлекеттік қызметшілердің істері қаралды.

Алдымен Жамбыл аудандық прокуратурасының мәліметі бойынша “Мемлекеттік сатып алу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын өрескел бұзған Преснов ауылдық округі әкімінің ісі қаралды. Ол мемлекеттік сатып алу рәсімін өткізбей, техникалық сипаттамасы да жоқ хоккей кортын сатып алу туралы шарт жасасқан. Сондай-ақ, бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылғанда сатып алған тауарлар шартта көрсетілгенге сәйкес келмеді.

Облыс орталығындағы “Айгөлек” бөбекжай-бақшасын тексеру барысында да қаржы тәртібін бұзу, қызметкерлерге еңбекақыны заңсыз беру фактілері анықталды. Тәртіптік кеңес мүшелері сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасағаны үшін Преснов ауылдық округінің әкімін және бөбекжай-бақшаның директорын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс жасау жайында ортақ шешімге келді.

Кеңес отырысында қызметкеріне қатысты дөрекі әрекетке барып, мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің нормаларын бұзған Мағжан Жұмабаев ауданындағы Авангард ауылдық округінің әкіміне қатысты тәртіптік іс те қаралды. Ол бойынша қызметтік әдепті сақтамаған азаматқа жаза қолдануды ұсыну ұйғарылды.

Облыстық Тәртіптік кеңестің хатшылығы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp