Петропавл қаласында ашылғанына төрт ай өткен “СевКазЭнергосбыт” ЖШС-нің байланыс орталығы жұмыс істейді. Мұнда күн сайын компания тұтынушыларынан қуатпен жабдықтауға қатысты түсетін сұрақтарға білікті және жедел ақпарат берілетін көп арналы 500-666 телефон нөмірі бойынша қоңыраулар қабылданады.
Жеке шотыңыздың жағдайы туралы білгіңіз келе ме? Есептегіш құралдарының көрсеткішін беру қажет пе? Қаладағы электр және жылу қуатын жоспарлы және жоспарсыз ағыту туралы құлағдар болғыңыз келе ме? Немесе, мүмкін, сіздің қуатпен жабдықтау саласындағы өзіңізді қызықтыратын құжаттамаларды қалай толтыруға болатынын және оның қандай тиісті рәсімдік тәртіптері барын білгіңіз келетін болар? Онда жоғарыда көрсетілген телефон нөміріне қоңырау шалыңыз.
– Қазірдің өзінде орталық қызметін 35 мыңнан астам тұтынушы пайдаланды. Қоңырау соғушылар ай сайын көбейе түсуде, мысалы, қаңтар айында орталық мамандары 8888 қоңырау қабылдаса, ақпанда – 13042-ге, ал наурыз айында – 13639-ға жетті. Қалыпты сұрақтарға автоматтық режімде ақпарат беретін интерактивтік дауыстық жауап жүйесінің қызметін 1500-ден астам тұтынушы пайдаланды. Әрине, мұны біздің байланыс орталығымыздың жақсы нәтижелі жұмысы деп бағалауымызға болады. Алайда, мұнымен де шектеліп қалмаймыз, алдағы уақытта компанияның өз тұтынушыларымен қарым-қатынасын одан әрі жақсарта түсуге тырысамыз, – дейді “СевКазЭнергосбыт” ЖШС-і бас директорының орынбасары Тамара Пашкова.
Айтса айтқандайын, үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында “СевКазЭнерго” АҚ компаниясының жұмыс істеп тұрған www.sevkazenergo.kz сайтының негізінде “СевКазЭнергосбыт” ЖШС-нің жаңа сервисін енгізу жоспарлануда. Ол тұтынушыларға үйлерінен шықпай-ақ дербес шотының жағдайы туралы ақпарат алуына, электр қуаты мен су есептегіш құралдарының көрсеткішін енгізуге, сондай-ақ, тұрмыстық тұтынушылар мен заңды тұлғалар бойынша шот-түбіртегі көшірмелерін және шот-фактуралары мен тұтынушы карточкасын алуға мүмкіндік береді.
“СевКазЭнерго” АҚ-ның жұртшылықпен
байланыс жөніндегі бөлімі.