Қаржы полициясы органдарының құрылуының 20 жылдығына арналған кең ауқымды “20 игі іс” акциясы аясында СҚО бойынша Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері Соколовка ауылында орналасқан Жетімдер үйінде болды.
11 сәуір күні даму мүмкіндігі шектеулі жетім балалар мен ата-анасының камқорлығынсыз қалған балаларға арналған Соколовка арнайы (түзету) мектеп-интернатында Наурыз мейрамы аталып өтілді.
Шуақты көктем мерекесіне орай балалар концерттік бағдарлама әзірлеп, қонақтарға наурызкөжеден дәм татырды.
Интернат тәрбиеленушілерін департамент басшылығының атынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты істерді ашу және алдын алу басқармасының бастығы Мейрамбек Мұхамедғалиев құттықтап, бағалы сыйлықтар мен спорт жабдықтарын тарту етті.
СҚО бойынша Қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметі.