Жас достар, газетіміздің “Балалар әлемі” қосымшасынан бұған дейін де әлем халықтарының тәлім-тәрбие берер талай ертегілерін оқып келдіңіздер. Біз сол дәстүрімізді жалғастыра отырып, енді “Әлем халықтарының ертегілері” деген жаңа айдар ашып, соның аясында еліміздегі ынтымағы жарасқан ұлт пен ұлыстардың ертегілері мен әңгімелерін жариялап отыруды жөн көрдік. Егер де, балалар, сондай ертегілердің бірін өздеріңіз де білсеңіздер, газетімізге жолдаңыздар. Бірлесе оқиық. Бұл жолы Сіздерге ауған халқының ертегісін ұсынып отырмыз.
Базардан есек пен ат бірге келе жатады. Ат жеңіл жүріп келе жатса, есекке жүк тиелген еді. Олар осылай жолдың жартысына дейін жетіп қалады. Есек әбден қара терге түседі. Аһлап, үһлеген есектің әбден діңкесі құриды.
– Досым болып, маған көмектесші. Жүктің жартысын алып, көтерісші? – деп атқа өтініш білдірді.
Ат есектің өтінішін құлағына да ілмеді. Бірақ жүрген соң, есек тағы да өтінішін қайталайды:
– Мен енді шыдай алмаймын! Көмектесші! – деді ол жалынып.
Ат болса, есектің сөзіне тағы да мән бермеді.
Енді олар тау бойына көтеріле бастады. Есек енді құлайтындығын сезіп, үшінші рет атқа жалбарынды:
– Көмектесші?
– Жарайды, – деп ат келіскен кейіп танытты. – Мен де өзіме бір міндет алайын. Сен жүкті тасы, ал мен сенің орныңа аһлап, үһлейін, – деді.
Есек он қадам аттады да, жерге сылқ етіп құлап түсті.
– Тұра ғой, тұр, менің ақылды жануарым! – деді жалбарына есек пен аттың қожайыны. Бірақ есек тұрмақ түгіл, басын да көтере алмады.
Істерге амалы қалмаған қожайын жүк пен есекті аттың үстіне тиеді.
Енді есек жүктен арылса, ат екеуі үшін аһлап, үһлейтін болды.
Жалғыз және бөлек жүрген екі есе қиын, ал екеулеп, бірге көтеріскен төрт есе жеңіл деп бекер айтпаса керекті.