«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АТҚА МІНГІЗУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақ халқы 3-4 жасқа келген ұл баланы атқа мінгізіп үйреткен. Алдымен ағаштан ашамай-ер жасаған. Оның қолтырмашы – баланың белін буатын жұмсақ белбауы және тепкішек – баланың аяғын салатын, үзеңгі орнында жүретін дорбасы болған. Осығай орай:

 – Мықтап тарт ашамайдың қолтырмашын,

 Жас болса, жол үстінде болдырмасын! –  

деген тілек айтылған. Ашамай – ердің алды-арты биік сүйеніші болған. Осыны жуас құнанға ерттеп, баланы мінгізіп, байлап қойған. Тізгінді балаға ұстатып, бір адам құнанды жетектеп жүреді. Ауылды аралатып, үлкендерге сәлем бергізеді. Қариялар:

– Атқа жақсы шаба біл,

Өнеге-өнер таба біл,

 Аймағыңа жаға біл! – деп тілек-бата берген. Әйелдер баланың атқа міну құрметіне шашу шашқан. Ересек балалар таймен жарысып, күресіп, түрлі ойындар ойнаған.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp