«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЯЗ БЕН БОРАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Аяз бен Боран дос болыпты. Күндердің күні өткенде Боран Аязға келеді. Аяз өзінің күшті екенін айтып мақтанады:

– Мен болмасам сені ешкім білмес еді, – дей келе, – менің арқамда сен Аяз атандың. Ал менің күшім көп. Қаһарыма мінсем, жан-жануар, адамдардың бәрін талқан етемін. Сондықтан менен бәрі қорқады. Сен менің күштілігіме қарсы тұра алмайсың. Қатты суығым мен ызғарыма шыдамайсың, – депті.

Сонда Аяз ашуға берілмей:  

– Сабырға кел. Сенің ызғарың мен суығың менің арқамда. Екеуіміз бір-біріміссіз өмір сүре алмаймыз. Соны біліп жүргін, – деген екен.

Боран көп ұзамай қателігін түсініп, Аяз досынан кешірім сұрайды. Содан бері екеуі бірге жүретін болыпты.

 

Динара БЕКІШЕВА,

№17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің

3-сынып оқушысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp