Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадрлық резервіне іріктеу жариялаған, ол туралы хабарландыру “Егемен Қазақстан” газетінің 2014 жылғы 13 нурыздағы №49 (28273) және “Казахстанская правда” газетінің 2014 жылғы 13 наурыздағы №49 (27670) сандарында басылды.
“А” корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадрлық резервіне жалпы саны 100 адамнан аспайтын, соның ішінде:
– 1-ші санаттың 1-ші тобына 10 адамға дейін;
– 1-ші санаттың 2-ші тобының 1) кіші тобына 10 адамға дейін;
– 1-ші санаттың 2-ші тобының 2) кіші тобына 20 адамға дейін;
– 1-ші санаттың 2-ші тобының 3) кіші тобына 40 адамға дейін;
– 2-ші санатқа 20 адамға дейін қабылдау үшін іріктеу өткізіледі.
“А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №708 Жарлығымен бекітілді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облыстық департаменті 2014 жылғы наурыздың 13-і мен 28-і аралығында 30 лауазымға 26 үміткерден құжаттар қабылдады.
Үміткерлердің құжаттарын қарау және олардың “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына және “Мемлекеттік қызмет туралы” Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестігі қаралғаннан кейін тестілеуге 24 үміткер жіберілді.
Қазақстан Республикасының заңнамасы, қисынды ойлау, біліктілік деңгейін анықтау, КАЗТЕСТ жүйесі бойынша үміткерлерді тестілеу Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінде www. kyzmet.gov.kz. сайтында жарияланған кестеге сәйкес өтеді.
Заңнаманы білу бойынша шектік деңгейден өткен үміткерлер іріктеудің соңғы кезеңінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияда және өңірлік кадр комиссиясында әңгімелесуден өтеді.
Толығырақ ақпаратты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің “А” корпусы бөліміндегі www.kyzmet.gov.kz немесе 8 (7152) 50-18-21 телефоны арқылы алуға болады.
Мұрат ҚАДЫРБЕК,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
қызмет істері жөніндегі агенттігінің
Солтүстік Қазақстан облыстық
департаментінің басшысы,
Тәртіптік кеңестің төрағасы.