«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Деректер мен дәйектер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының деректеріне қарағанда, 2014 жылдың 1 наурызында жалпы өлім-жітім көрсеткіші мың адамға шаққанда 6 пайызға төмендеген. Нәрестелер өлім-жітімі екі есе төмендеп, үстіміздегі жылдың 3 айында ана өлімі тіркелмеген.

Туберкулез індетіне шалдыққан адамдар саны да күрт төмендеген. 100 мың адамға шаққанда 9,9 пайызға азайған. Ал бұл дерттен болған өлім-жітім 35,7 пайызды құрап отыр. Балалар арасында бұл сырқаттан шетінегендер тіркелмеген.

Облыстық онкологиялық диспансердің берген мәліметіне сүйенер болсақ, қатерлі ісіктен көз жұмғандар саны 100 мың тұрғынға шаққанда 2 пайызға азайған.

Республика бойынша күн сайын 500 мыңға жуық қазақстандық медициналық көмекке жүгініп, оның 7 мыңға жуығы ауруханаға жатқызылады. Еліміз бойынша күн сайын 1 мыңнан астам хирургтер 2 мыңнан астам науқасқа ота жасайды. Ал “Жедел жәрдем” қызметі бір күнде 18 мың науқасқа көмек көрсетеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp