Қазақтың жұлдызы еді шұғылалы,
Жырымен туған елді ұғынады.
Өмірге мыңнан біреу келеді екен,
Мағжандай қазағымның ұлылары.
Қызылжар Мағжан бабам мекені еді,
Асығып тез барам деп жетер еді.
Әттең-ай, дүниенің шолақтығы,
Халқына қалаулы боп өтер еді.
Қазаққа біткен жұлдыз жарық шашқан,
Өмірі өнегелі алып дастан.
Ардақтап асылдарын құрмет тұту,
Қазақта салт-дәстүрдей қалыптасқан.
Көк жүзін торлап алды қараңғылық,
Қазақтың қара басын қараң қылып.
Ұлтшыл деп жала жауып зұлымдар-ай,
Халықтың ойшылдарын алаң қылып.
Қазағым өз жұлдызын жатсынбаған,
Мадақтап Мағжаныңды жатсың, далам.
Жырла деп Мағжан жырын қалың топта,
Аманат қып тапсырып жатсың маған.
Айдана АЛДАНҒОРОВА,
Жамбыл орта мектебінің
10-сынып оқушысы.
Уәлиханов ауданы.