Облыстық аурухананың материалдық-техникалық базасы тағы бір қондырғымен толықты. Жаңа германиялық аппараттың арқасында несеп жолындағы тастарды отасыз үгітуге мүмкіндік туып отыр.
Аппарат 49 миллион теңгеге лизинг арқылы сатып алынды. Мұндай қондырғы еліміз бойынша Астанадағы емдеу мекемелерінде ғана бар.
Облыстық аурухананың уролог-дәрігері Юрий Глебовтың айтуынша, аппараттың өзінің рентген қондырғысы бар. Аталмыш аппарат арқылы тастың қай жерде орныққанын және өлшемін анықтауға болады. Тастарды үгету электротолқындар арқылы жүргізіледі. Енді солтүстікқазақстандықтар отасыз-ақ бүйректеріндегі тастардан арыла алады.
(Өз тілшімізден).