“Жақында маған артериялық гипертензия деген диагноз қойылды. Дәрігерлер бірнеше дәрі-дәрмек жазып берді. Мен оларды тегін ала аламын ба? Олай болса, қайдан?…” Осындай және басқа да сұрақтарға Дәрі-дәрмек ақпараттық талдау орталығының мамандары, соның ішінде Сall-қызметі жауап береді. Қандай дәрі-дәрмек қандай ауруға тегін беріледі, оларды кімнен және қалай алуға болады? Осы сұрақтарға жауап беріп көрелік.
Қазақстан Республикасының азаматтары медициналық көмекті тегін алуға құқылы. Өкінішке қарай барлығы өз құқықтарын біле бермейді. Сонымен, тегін медициналық көмектің кепілденген көлемі (бұдан әрі – МККБК) шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай күйі) бар адамдарды тегін қамтамасыз ету ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 4 қарашадағы №786 бұйрығымен бекітілген. Бұл тегін дәрілік заттардың тізбесіне сәйкес тегін рецепт бойынша дәріхана ұйымдары арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте емделуші міндетті түрде медицина ұйымында диспансерлік есепте болуы тиіс, ал рецептерді учаскелік дәрігерлер немесе бейінді мамандар (гематолог, эндокринолог, пульмонолог және т.б.) береді.
Өткен жылдың желтоқсан айында берілген тізбенің тиімділігі дәлелденген дәрілерді енгізу бөлігін қайта қаралды. Сондай-ақ, тұрғындардың қант диабеті, өкпе қабынуы, бронх демікпесі сияқты аурулар кезінде тегін дәрі-дәрмек алатын санаттары кеңейтілді. Мысалы, Қазақстан “1 түріндегі қант диабеті” диагнозы қойылған жастан асқан және 18 жасқа дейінгі балаларды шығын материалдары жинағымен қосып, қымбат инсулин помпаларымен тегін қамтамасыз ететін ТМД елдері ішіндегі алғашқылардың бірі болып табылады. Бұл ретте бір инсулин помпасының құны – жарты миллион теңгеден астам.
Помпалар шприц-қаламдармен алмастырылды, ал дәріні енгізу көлемі 30 есе қысқарды. Инсулинді енгізудің инсулин помпасы сияқты жаңашыл әдісі мөлшерді дәл анықтайтын қондырылған резервуары бар мини-компьютер болып табылады.
Тұрғындарды ақпараттандыру, медициналық сауаттылығын арттыру мақсатында бірыңғай тегін телефон желісі – 8 800 080 88 87 жұмыс істейтіндігін еске саламыз, кез келген стационар телефонынан қоңырау шалу Қазақстан бойынша тегін.
ДАТО Call-қызметінің тікелей телефондары Қазақстанның барлық қалаларында қолжетімді. Call-қызметіне қоңырау шалып, дәрілік заттарды дұрыс қолдану, дәрілердің тиімділігі және мүмкін болатын жанама әсерлері, сондай-ақ, азаматтардың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілу құқығы туралы толық және шынайы ақпарат аласыз.
Сонымен қатар, ДАТО ресми сайтында – www.druginfo.kz сұрақ қоюға және жауап алуға болады.
Құрметті қазақстандықтар, өздеріңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын бағалаңыздар, медициналық көмек алуға өз құқықтарыңызды біліп жүріңіздер!
“Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы”.