«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЫМСЫЗ ТЕЛЕФОН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұл ойын, балалар, сіздердің ата-аналарыңызға жақсы таныс. Бала кездерінде бұл ойын олардың сүйікті ермектерінің бірі болғандығында күмән жоқ. Ойынның негізгі мақсаты – алғашында айтылған сөздің мағынасын сақтап жеткізу. Ол үшін ұл мен қыздар сап түзеп тұрады. Ойын оңнан солға не солдан оңға қарай бір ыңғайда жүреді. Ойын басқарушы бірінші тұрған адамға құлағына сыбырлап, сөз не сөйлем айтады. Ол келесі көршісіне сыбырлап, естіген сөзін жеткізеді, осылайша ойын соңғы адамға дейін жалғасады. Ал енді ойын басқарушы соңғы адамнан бастап айтылған сөзді сұрайды. Алғашқы сөзді қате естіп, өзгерткен адам айып төлейді. Жеңілген ойыншы өз өнерін ортаға салып, ән айтып, не би билеп немесе сүйікті ақын-жазушыларының шығармаларынан үзінді оқуы керек.

Бұл ойынды, балалар, үйде қалай ойнасаңыздар, далада да ойнауларыңызға болады. Балалар, ата-аналарыңыздан бұл ойыннан басқа балалық шақтарында тағы қандай ойындар ойнағандары жөнінде сұрастырып, біздің редакциямызға хат жазып, оқырмандармен бөлісуге болады.

Суретті салған

  Виктор ЛОГИНОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp