«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өзім туралы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Уәлиханов ауданындағы Жамбыл орта мектебінің 10-сынып оқушысы Айдана Алданғорованың өлеңдері имани пәктігімен жаныңды жадыратады. Оған сәт сапар тілеп, бір топ өлеңдерін оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

Мен бір жан табынатын Жаратқанға,
Туыппым қоңыр күздің таңы атқанда.
Білмеймін артық нем бар, кеммін бе әлде,
Тағалам пәк сәбидей жаратқан ба?

Ғашықпын, бұл өмірге асықпын да,
Жырым бар от кеудемде тасып тұрған.
Кезіксем де өмірдің өткеліне,
Алдында қиындықтың жасыппын ба?

Ием бар – Жаратушы табынарым,
Жүрек бар өле-өлгенше бағынарым.
Он екі мүшем аман, өзім ада
Несіне зор Тәңірге шағынамын?!

Иманды жүрегіме ұялаттым,
Жырымды шыңға биік қиялаттым.
Жамандық көрген кезде кей пендеден,
Өтеуін түсінемін қиянаттың.

Өзгені жамандыққа қия алмаймын,
Жаныма арам достар жия алмаймын.
Мейірімнің алдында, ар алдында
Адалмын деп айтуға ұялмаймын.

 
Айдана АЛДАНҒОРОВА,
Жамбыл орта мектебінің
10-сынып оқушысы.
Уәлиханов ауданы.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp