Су деңгейінің көтерілуіне байланысты облыс орталығынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан Новоникольское ауылының маңында Есіл өзені арқылы өтетін көпір су астында қалды. Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, өзеннің арнасынан асу биіктігі 170 сантиметрді құраған. Бүгінде Боголюбово ауылы арқылы айналма жолмен өту ұйымдастырылған. Ал Новоникольское ауылын су басады деген қауіп жоқ.
Ведомство қызметкерінің мәлімдеуінше, Сергеев су қоймасындағы судың плотина жотасынан сәл төмендегені байқалады. Мұндағы судың деңгейі 132 сантиметрді құрады. Ал гидробекеттердің мәліметтері Покровка ауылының маңында су деңгейі өткен тәуліктерге қарағанда 54 сантиметрге көтерілгенін көрсетіп отыр.
“Қызылжар-Ақпарат”.