«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАХАББАТТЫ АЯЛАУ – өмір мәні

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұрнағы күні С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында ұйымдастырылған шараға махаббат тақырыбы арқау болды. 

Соңғы уақытта жастар арасында “Қозы көрпеш-Баян сұлу” күні деп аталып жүрген мерекенің басты арқауы – махаббат.  

Театр әртістері ұсынған шағын қойылымда махаббат арқылы адамның жарына деген кіршіксіз сезімін суреттеген. Жарты ғасыр отасқан бір отбасының өмір тарихын бейнеледі. Кішігірім қойылымның мақсаты – таза махаббат берік отбасының тірегі екендігін көрсету.

Концерт барысында ғашықтардың сырға толы хаттары, жыр шумақтары мен әндері орындалды. Жас ұрпаққа ғашық­тықтың қандай болатынын, махаббаттың құны қаншалықты қымбат екенін түсіндіру – барша қоғамға жүктелер міндет, деп санайды театр ұжымы. Сезім мен сенім мәнін жоғалтып, жастар арасында желігу басым болып тұрған мына заманда Қозы көрпеш пен Баян сұлудың, Қыз Жібек пен Төлегеннің, Еңлік пен Ке­бектің арасындағы нағыз махаббатты насихаттауды мақсат еткен мұқановтықтар бұл мерекені жыл сайын атап өтуді дәстүрге айналдырмақшы.  

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген  

Амангелді БЕКМҰРАТОВ. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp