«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖУРНАЛИСТ ЖАЗЫҚСЫЗ ДЕП ТАНЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық сотында бірнеше ай бойы “жала жапты” деген айыппен “Время” республикалық газетінің меншікті тілшісі Виктор Мирошниченконың және заңгер Валерий Сухоруковтың ісі қаралған болатын. 15 сәуір аталған іс бойынша сот үкімі шығып, айыпты болғандар кінәсіз деп танылды. 

Қылмыстық істің материалдарына сәйкес адам өлтіргені үшін істі болып, 11 жылға бас бостандығынан айрылған Амрулла Абдуллаев жәбірленуші тараптың өкілі Валерий Сухоруковтың сөзінен дәйексөз келтірген Виктор Мирошниченконың мақаласында жала жабушылық бар екенін айтып, сотқа шағымданады. Шынымен де А.Абдуллаевтың қылмысына қатысты басылым беттерінде бірнеше мақаласын жариялаған журналист кәсіпкердің бұған дейін де істі болғандығы жайында ақпарат берген. Алайда журналистің сөздері Абдоллаевтың ісі қаралған кезде расталмаған.  

Кейін Петропавл қалалық соты істі зерттей келе, арызданушының бұған дейін де Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша істі болғанын, осыған байланысты журналист пен заңгердің кінәсіз екендігін дәлелдейді. А.Абдуллаевтың 2 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өтемақысын төлеу туралы қуыным талаптары да қараусыз қалдырылды. Жәбірленуші тарап сот үкімімен келіспеген жағдайда ол жария болған уақыттан бастап 15 тәулік ішінде апелляциялық сот алқасына жүгіне алады.

“Қызылжар-ақпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp