“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры мен Қазкоммерц-банктің “Құс жолы” қайырымдылық қоры мүмкіндігі шектеулі адамдарға өз кәсіпкерлігін дамытуға арналған “Жұлдыздарға қара” жобасына қатысуға шақырады.
Бүгінде Қазақстанда 500 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам бар. Олардың ішінде өздерін қоғамда еркін сезіну үшін өз бизнесін бастап, қаржы жағынан қысылмай, өз отбасын асырай алатындары қаншама?! “Жұлдыздарға қара” жобасы бойынша 100 000 теңгеден 200 000 теңге дейін ақшалай грант беріледі. Байқау негізінде ұйымдастырылатын бұл шараға мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер қатысып, өз бизнес-идеясын жүзеге асыра алады.
Жобаға Қазақстан Республикасының 18 жастан асқан, кез келген топтағы, бастамашы немесе өз ісін жүргізіп жүрген мүмкіндігі шектеулі жандар (2012 жылдың 1 қаңтарынан кейін жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендер) қатыса алады. Жобаға қатысу үшін өтініштер 2014 жылдың 25 мамырына дейін қабылданады.
Өтініштің үлгісі, оны толтырудың тәртібі мен құжаттар топтамасының тізімін мына сайттардан www.damu-komek.kz және www. kuszholy.kz алуға болады. Өтініштер мына мекенжайда қабылданады: Петропавл қаласы, Абай көшесі, 80/А, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның өңірлік филиалының кеңсесі. Анықтама үшін телефондар: 55-98-10, 46-06-54, 46-06-34.
“Даму” қоры өңірлік филиалының баспасөз қызметі.