Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің СҚО бойынша департаменті облыстың мемлекеттік органдары Тәртіптік комиссияларының жұмысы туралы семинар-кеңес өткізді.
Семинарда мемлекеттік органдар Тәртіптік комиссияларының 2013 жылдың 2-жартыжылдығындағы жұмысы қорытындыланды. Сонымен бірге, Салық департаментінің және Есіл ауданы әкімі аппаратының тәртіптік комиссияларының жұмысы туралы хабарламалар тыңдалды.
Семинар қорытындысы бойынша департамент облыстың мемлекеттік органдарына мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидасын бұлжытпай ұстануды ұсынды.