«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЕТЕЛДIК МЕРЗIМДI БАСПАСӨЗ БАСЫЛЫМДАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУ БАРЫСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Ішкі саясат басқармасы Солтүстік Қазақстан облысының аумағында таралатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу мемлекеттік қызметін көрсетеді.

2013 жылы 18 қызмет көрсетілді, олардың ішінде 12-сі – жеке тұлғаларға, 6-сы – заңды тұлғаларға. Барлық қызметтер Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қағаз нұсқада тегін көрсетілді. 2013 жылы 1900 шетелдік баспасөз басылымы есепке қойылды, мәліметтер тоқсан сайын орталық өкілетті органға жолданады.

Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша көрнекі ақпарат Ішкі саясат басқармасының стендісіне және Халыққа кызмет көрсету орталығында, басқарманың интернет-ресурсында орналастырылған. Сондай-ақ, электрондық қызметті Электрондық үкімет порталында алуға мүмкіндік бар.  

Қызмет 2013 жылы автоматтандырылды.

Қызмет көрсетудің сапасын бақылау туралы ақпарат ай сайын облыс әкімінің аппаратына жолданады. 2013 жылы қызметті тұтынушылардан шағым түскен жоқ, мерзімді бұзу орын алған жоқ.

Облыстық Ішкі саясат басқармасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp