«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕЙНЕ БІР ЕЛІМІЗДІҢ ЕЛШІСІНДЕЙ…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 Петропавлдағы дарынды балаларға мамандандырылған “БЭСТ” гимназиясының 5 оқушысы қазақстан-америкалық “FLEX” бағдарламасы бойынша келесі оқу жылында Америка Құрама Штаттарына оқуға жолдаманы ұтып алды. Олардың үшеуі – АҚШ-қа, тағы екеуі Германияға барады. Қазақстан бойынша аталмыш бағдарламаға 5000 үміткер қатысып, 80-і іріктеуден сүрінбей өтті.

“БЭСТ” гимназиясының оқушылары 1999 жылдан бері “FLEX” бағдарламасына қатысып келеді. Осы уақыт аралығында білім ошағының 18 оқушысы Америка Құрама Штаттарындағы қалаларда “Қонақ отбасыларында” болып, ағылшын тілінде білімдерін одан әрі тереңдетулеріне мүмкіндік алды. Білім ордасының ағылшын тілінің мұғалімі, ағылшын тілі секциясының жетекшісі Людмила Соленконың айтуынша, аталмыш бағдарламаның жолдамасын ұтып алуға дүниежүзінің барлық елдерінен үміткерлер қатысқан. Оған іріктеу кезеңдерінде қатысушылардың естігенін есте сақтауы, таныс емес мәтінмен жұмыстары, ұсынылған тақырыпқа эссе, әңгіме, шығарма жазу, психологиялық тестен өту, әңгімелесу, өздерінің шығармашылықтарын, көшбасшылық қабілеттерін көрсете алатындай рөлдік ойындар ұйымдастыру, бөгде адамдармен ортақ тіл табыса білу, өздерін қабылдайтын отбасыларына хат жазу сыналды. Сол сынақтарда өздерінің білімдерін дәлелдей алғандары жолдамаға ие болған.

Шетелде бұл оқушылар “Қонақ отбасыларда” тұрып оқиды. Оларды қабылдайтын отбасылар да белгілі конкурстардан өтеді. Оқушылардың шетелдік отбасыларда тұрған уақытында олардың жағдайларын сондағы жетекшілері бақылайды. Балалардың шетелде оқуы, тамағы, жататын орны – бәрі тегін. Тіпті, үйлерімен байланыс жасауларына да қаржы бөлінеді. Бұл –АҚШ Үкіметінің қайырымдылық қорының бағдарламасы.

– Оның мақсаты басқа елдердің мәдениетін зерттеп, оларға Қазақстанды, оның ерешеліктерін, дәстүрлерін таныстыруды көздейді. Оқушылар Қазақстанның көпэтносты мемлекет екенін, этностар арасындағы татулықты сақтау үшін қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын әңгімелеп, белсенді насихат жүргізеді. Олар қазақ халқының ұлттық тағамдарын пісіріп, таныстырады, ұлттық кәдесыйлар апарады. Осылайша елдер арасындағы байланысты нығайтуға атсалысады. Қазір оқушылар дайындық үстінде, – дейді ағылшын тілінің мұғалімі, гимназия директорының инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары Айман Айкенова.

Америкада оқушылар толық күн оқиды, күннің бірінші жартысында сабақ оқыса, екінші жартысында қызығушылықтары бойынша шығармашылықпен, спортпен, музыкалық қабілеттерін дамытумен, жалпы өздеріне ұнаған іспен айналысады.

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

СУРЕТТЕ: (солдан оңға қарай) Наталья Широкорад, Ксения Зайнутдинова, Владислава Гаврилова, Екатерина Даникер.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp